Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 17:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры Болат Айтмурзаев Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

«Қала халқының ұлғаюы мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігіне байланысты Түнде болу үйі Әлеуметтік бейімдеу орталығы болып қайта құрылды. Өтініш білдірген тұрғылықты жері жоқ адамдар түнгі уақытта ғана емес, сонымен қатар, тәулік бойы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін орталықта алуға мүмкіндік алды»,-деп атап өтті ол.

Орталық белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, кәмелет жасына толғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұратын адамдар үшін бір тәулік тұруға немесе уақытша тұруға (тәуліктің түнгі уақытында) арналған. 230 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 50 төсек – түнеу бөлімшенікі.

«Қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға түнеу бөлімшесі ұйымдастырылды, оларға тәуліктің түнгі уақытында төсек-орын беріледі, бірақ, ыстық тамақпен қамтамасыз етілмейді. Мұнда орталықтың мамандары әлеуметтік қызметтердің 7 түрін көрсетеді»,- деп жазды Болат Айтмурзаев.



Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай