Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда әлеуметтік көмек пункті салынып жатыр

2021 жылдың 30 қараша 2021 20:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пункті салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданындағы «Томирис» шағын ауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанның с ыйымдылығы 143 төсек-орын. Жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метр.

«Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі мен қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту үшін көзделеді», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев брифинг барысында.

Сонымен қатар, ол аталған мекеменің басты міндеті - қиын жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, оны бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару екенін тілге тиек етті.


Жоғары қарай