Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды

2021 жылдың 20 қазан 2021 12:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының криминалдық полициясы Instagram-да «бренд киімдерді сатамыз» деген жарнамамен адамдарды алдап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады.

«Алаяқтық тізбегі өте қарапайым болған. Ұсталғандардың бірі – 25 жастағы И.есімді азамат әлеуметтік желіде «almaty.sneaker» және «top.sneakerkross» парақшасы бар. Онда ол түрлі-түсті суреттер мен жеңілдіктер туралы ақпараттар жарияланған. Ал 19 жастағы оның серіктесі болашақ сатып алушылармен байланысып, тапсырыс пен төлемдерді қабылдаған. Олар түскен пайданы тең бөлісіп алып отырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай