Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда Армениядан әкелінген 33 көлік тіркелді

2020 жылдың 5 маусым 2020 16:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бес күнің ішінде 33 көлік тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Қазақстанда 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін Армениядан жетікізілген көліктерді тіркеу басталды.

«Алматыда Армениядан әкелінген 505 көлік бар. Оның ішінде 119 көліктің рөлі оң жағында. Былтыр және биыл 88 көлік тіркелген. Қазір патрульдік полиция қызметкерлері көшеде Армениядан жеткізілген көліктерді тоқтатып, оларға арнайы жадынама таратып жатыр. Онда осы көліктерді қалай тіркеуге болатыны, қандай құжат керек екені көрсетілген. Одан бөлек, бұл мәселе бойынша колл-орталық ашылды», - деді Жандос Мұратәлиев.

Сонымен қатар, ол Армениядан жеткізілген көліктерге сары нөмір берілетінін атап өтті.

«Сары белгі бұл көліктің басқа азаматтарға сатылмайтынын білдіреді. Өзінің тұрғылықты жері бойынша салығын төлеп, Қазақстан ішінде ешқандай шектеусіз жүре береді. Яғни, елімізде тіркеуде тұрады», - деді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Армения,
Жоғары қарай