Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда асфальт опырылып, көшенің ортасында үлкен шұңқыр пайда болды

2021 жылдың 18 мамыр 2021 18:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Төле Би көшесінде асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған.

Қалалық әкімдік бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Төле би - Өтеген батыр көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды. Қазір «Алматы Су» компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін асфальт төселеді», - деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.

Өз кезегінде «Алматы Су» кәсіпорны асфальт кешке дейін қалпына келтірілетінін атап өтті.

«Бүгін кешкі сағат 22-ге қарай Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы жол қалпына келтіріледі. Алдын ала зерттеу деректері бойынша диаметрі 2 метрге жуық шұңқыр көше қиылысының астынан өтетін қалалық коллекторлық секция D -1000 мм еден плитасының бұзылуына байланысты пайда болды «, - деп толықтырды «Алматы Су» ММ.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Құрылыс,
Жоғары қарай