Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «Ashyq» көшбасшысына заңсыз айыппұл салынды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 20:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ashyq» көшбасшысы заңсыз әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық прокуратураның мәліметінше, Бостандық ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Kim Chi» кафесінің иесін карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс режимін бұзғаны үшін негізсіз әкімшілік жауапқа тартты (ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша).

Мониторинг тобы мекеме сағат 20:00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады, осыған байланысты кәсіпкерге 670 910 теңге немесе 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
«Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік істі тексерген кезде кафенің «Ashyq» көшбасшысы мәртебесін алғанын және оның жұмыс режимі сағат 22:00-ге дейін ұзартылғанын анықтады»,-деп хабарлады ведомствадан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулының күші жойылды, кәсіпкер заңсыз салынған айыппұл төлеуден босатылды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Карантин, Алматы,
Жоғары қарай