Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 20 мамыр күнi Алматы қаласында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады. Солтүстiк-шығыстан екпiнi секундына 13 метр болатын жел соғады деп күтiлyде.

Қатты жел мен нөсер кезiнде тұрғындарға мыналар ескертіледі:

- үйдiң терезесiн мықтап жауып қою;

- автокөлiктердi ағаштардың маңайына тұраққа қоймау;

- мүмкiндiгiнше үйде отыру ;

- Электр желiлерi мен мықтап бекiтiлмеген конструкцияларға жақын бармаңыздар.


Жоғары қарай