Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыда ауа тазалығын бақылайтын қоғамдық қор құрылды

2020 жылдың 13 ақпан 2020 11:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыдағы ауа тазалығын бақылаумен айналысатын «AAirVision.kz қоғамдық қоры құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордың құрылтайшылары Берік Қаниев пен Алексей Ни қаладағы ауа бассейнін бірнеше жыл ішінде тазартуды қолға алып отыр.

Ол үшін қоғамдық қор мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс істемек.

«Қазір алматылықтар үшін ең басты проблема - ауа тазалығы. Біздің қор қоғамдық белсенділер, ғалымдар, инженерлер, экология бойынша сарапшылар, бұл проблеманың ортақ шешімін тапса дейміз. Біздің ұйым коммерциялық емес. Біздің мақсатымыз қаламызды барлығымыз үшін қауіпсіз ету», - деді Берік Қаниев.

Қор құрылтайшылары бұл қорға барлық экология мамандарын тартқысы келеді.

«Осы жерден ортақ стратегия құрылса деп ойлаймыз. Осы тақырыпта семинарлар, конференциялар өткізсек. Заң шығару процестеріне қатысып отыруға ниеттіміз. Бұл ұйым әкімдік пен халық арасындағы алтын көпір болмақ. Мұнда экологиялық мониторинг жүргізіледі. Халықтың экологиялық білімін арттырып, ел арасында экологиялық мәселелерді насихаттауды басты мақсат етіп отырмыз», - деді қор құрылтайшылары.

Ең алғашқы қадам ретінде заманауи мониторинг жүйесін жасау ұйғарылды. Бұл жүйе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берген әдістемелердің негізінде жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада 517 мыңнан астам көлік тіркелгенін хабарлаған еді. Одан бөлек, күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Сондықтан да қала атмосферасына шығарылатын зиянды заттардың деңгейі жоғары.

Сондай-ақ,Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы ауасының ластануы бойынша мәлімдеме жасады.



Басты сөздер: Экология, Алматы,
Жоғары қарай