Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

2021 жылдың 27 шілде 2021 22:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апатының видеосы желіде жарияланды.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметін жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді.

«Audi автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы Т. есімді азамат Трудовой көшесімен батыс бағытта келе жатып, Ясауи көшесінің қиылысында жол бермей YUTONG маркалы автобусқа соғылған. Қоғамдық көліктің рулінде Б. есімді 28 жастағы жүргізуші отырған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ЖКО-ны М.Әуезов ауданы полиция басқармасының бөлімшесі тергеп жатыр», - деп мәлім етті полиция департаментінен.



Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай