Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда әйелдердің мойнындағы алқаны жұлып қашқан қарақшы ұсталды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 13:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйелдердің мойынынан алқасын жұлып алған тағы бір қарақшы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы ер адам егде жастағы әйелдердің ізіне түсіп, оңтайлы сәтті күтіп, мойнындағы алқасын жұлып қашып отырған.

«Ол мойнында алтын алқасы бар, зейнет жасындағы әйелдерді аңдып отырған. Жәбірленушінің артынан байқатпай еріп, әйелдің дүкенге немесе кіреберіске жақындаған сәтін күткен. Содан кейін ол артқы жағынан келіп, алтын бұйымды бар күшімен жұлып алып қашқан. Сырт киімін ауыстырып, күртесін шешіп алып, содан кейін жейдемен жүрген. Әрине, бұл жерде егде жастағы әйелдің қолынан ештеңе келмейді. Тіпті қарақшының кім екенін анықтау әркімнің қолынан келе бермейді. Алайда, бізде дәлелденген фактілер бар және ұсталған адам заң аясында жауап береді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Қарақшы Алмалы ауданында әрекет еткен, дегенмен қаланың басқа аудандарында да фактілер болуы мүмкін.

Осыған байланысты әлгі күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар 298-54-74,8-701-888-43-37,8-707-697-71-59 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Заң,
Жоғары қарай