Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді

2020 жылдың 25 наурыз 2020 20:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қызмет көрсету мен сауда кәсіпкерліктеріне қойылған шектеуді кеңейту туралы шешім шығарды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап біз қызмет көрсету және сауда саласындағы кейбір кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қойылған шектеуді кеңейту туралы шешім шығардық. Мұның алдында ірі сауда орындары, сауда ойын сауық орталықтары, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану орындары жабық болатын. Ал ертеңнен бастап жаңа режім күшіне енеді. Яғни азық түлік дүкендері мен дәріханадан басқа барлық нысандар жабылады», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, әкімдік карантин режімін сақтауды барынша қадағалап жатыр. Алайда құқықбұзушылық деректері де жетерлік.

Кейбір сауда орындары ашық болса, кейбірінде қызметкерлер маскасыз қызмет көрсетіп жатыр.

«Барлық құқықбұзушылық туралы жазылып, жарияланып жатыр. Оларға құқықтық баға берілуде. Әкімдік күнде мониторинг жүргізетін болады. Ақпарат құралдарында барлық құқықбұзушылық жайлы жариялайтын боламыз», - деді әкімнің орынбасары.

Ал қалада дәмхана мен қоғамдық тамақтану орындарынан әдеттегідей тамақты үйге алып кетуге болады.

«Ертеңнен бастап барлық азық-түлік емес сауда орындарының үлкен-кішілігіне қарамастан қызмет етуіне тыйым салынады. Автосалон, автобөлшектер саудасы, гүл сататын павильондар да жабылады. Химиялық тазалау, фотосалон, оптика салондары, ломбард, жылжымайтын мүлік бойынша агенттіктер, ТҚКО түгел жабылады», - деді шенеунік.


Жоғары қарай