Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 5 жасар баланы ұрлау әрекеті туралы мәлімдеме Медеу аудандық полиция бөліміне түскеннен соң ҚР ҚК 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметінде тергеу-жедел тобы құрылды. Күдікті әйел түрін қаншалықты жасыруға тырысқанымен, бірден анықталды.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бүгін Алматы облысы Кеген ауданындағы ата-анасының үйінде ұсталды. Тергеу шараларын өткізу үшін ол Алматыға жеткізілді», - дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Тотыбаев.

30 жастағы күдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.

«Әлиханды ұрлап әкетпек болған күдікті сол топтың тәрбиешісі болған. Қылмыс жасаған кезде ол еңбек демалысында болған. Баланы бейтаныс адамға бермеген қырағы тәрбиеші оны уақытша алмастырған. Күдікті баланың ата-анасынан ақша талап етуді жоспарлаған. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаймыз», - деді майор Тотыбаев.

Жоғары қарай