Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастады

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 16:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 1 жасқа дейінгі балалар арасында инфекция анықталғандар саны азайды, алайда балалар арасында олардың үлесі – 22,8%.

«Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың айтарлықтай өсуі тіркелді - 5,4%-ға (1 463-тен 1 920-ға дейін) және жасөспірімдер – 1%-ға (388-ден 589-ға дейін), сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар-3%-ға (2 530-дан 3 262-ге дейін). Бір жасқа дейінгі балалар арасында, керісінше, 450-ден 438 жағдайға дейін, сәл төмендегені байқалады, бірақ олардың үлесі барлық балалар арасында айтарлықтай – 22,8%», - деп атап өтті спикер.




Сонымен қатар, ол мегаполисте «омикрон» штамының 7 жағдайы анықталғанын тілге тиек етті.

«Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті секвенирлеу желтоқсанның соңы – қаңтардың басында жүргізілгенін хабарлаған болатын. «Омикрон» штамының 7 жағдайы анықталды. Жеті науқастың арасында 14 жасқа дейінгі балалар жоқ. Толық геномдық зерттеу жүріп жатыр, бірақ аталған жеті жағдайдан басқасы теріс нәтиже көрсетті. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр», - деді Әсел Қалықова.






Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай