Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда балалардың жазғы лагерьлері ашылмайтын болды

2020 жылдың 27 мамыр 2020 17:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Биыл Алматыда мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерлері ұйымдастырылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаздық лагерлер ұйымдастырылмайды. Жедел штаб осындай шешім қабылдады. Себебі, демалыс орындары қаланың сыртында, облыс аумағында орналасқан және олардың басым бөлігі жекеменшік. Біз балаларымыздың денсаулығына қауіп төндірмеуіміз керек. Сондықтан лагерь жұмыс істемейді»,– деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, ол кинотеатрлардың да әлі ашылмайтынын тілге тиек етті.

«Ойын сауық орталықтары мен кинотеатрларды ашуға асықпау керек. Себебі ол халық көп жиналатын жабық орын. Әр сеанс сайын дезенфекциялық жұмыстар жүргізу керек. Бұған барлық кинотеатрлар дайын деп айта алмаймын. Бұл індеттің таралуына жол береді. Біз қазір карантиндік шараны өткізіп жатқандықтан, бұдан әзірше бас тартамыз», - деді ол.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев санитарлық талапты орындамаған сауда нүктелерінің қайта жабылатынын айтқан болатын.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкім, Білім, Карантин, Алматы,
Жоғары қарай