Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілмек

2021 жылдың 14 мамыр 2021 23:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта аудан әкімдіктері, аудандық білім бөлімінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары және қаланың мүдделі органдары өкілдерінің қатысуымен білім беру ошақтарында балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері, буллингке қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қаралды.

Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратура өкілінің баяндамалары тыңдалды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік мектептерде, интернаттық мекемелер мен колледждерде ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында 400-ден астам мектеп психологтары мен 140 мектеп инпекторлары бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров білім беру ұйымдарында, әсіресе мектептер мен колледждерде қосымша қауіпсіздік шараларын енгізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Білім басқармасына қоғамдық денсаулық басқармасымен және қалалық полиция департаментімен бірлесіп ведомствоаралық алдын алу, тәрбие жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Біріншіден, барлық білім беру ұйымдарын «соқыр аймақтарды» ескере отырып, бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырып, оларды тұрақты бақылауды қамтамасыз ете отырып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығаруды қамтамасыз ету қажет.

Балалардың және барлық қызметкерлердің қауіпсіз болуы үшін білім беру ұйымдарының басшылары өткізу режимінің сақталуына және кезекшіліктің ұйымдастырылуына, вахтерлердің, күзетшілердің жұмысына, жазбаларды міндетті түрде сақтай отырып, үздіксіз бейнебақылаудың қамтамасыз етілуіне тұрақты бақылауды жалғастыруы, сондай-ақ қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмысын жүргізуі қажет.

Осы бағытта әрбір білім беру мекемесінің кіру тобына шеңберлер мен турникеттер орнату, балалар мекемелерін мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету мәселесін қарау тапсырылды.

Екіншіден, психологиялық қызметтің, атап айтқанда мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды. Психологиялық портрет жасау, оның ішінде «Қауіпті топтар» санатын анықтау үшін жұмысты күшейту қажет.

Ерекше жағдайларда колледж, мектеп, балабақша қызметкерлері үшін іс-қимыл алгоритмін әзірлеу, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру тапсырылды. Сондай-ақ, компьютерлік техникаға тыйым салынған сайттардан сүзгілер орнатылады.

Білім беру ұйымдарының аумағын және оған іргелес жатқан аумақтарды, жекелеген көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ жасанды жол кедергілерін, бағдаршамдар мен мектептердің жанында тоқтауға тыйым салатын белгілердің санын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта жұмыстарды аудан әкімдіктері жүргізуде.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазандағы қайғылы оқиғадан кейін мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздік шараларын күшейту туралы айтқан болатын.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Білім, Қауіпсіздік, Алматы,
Жоғары қарай