Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда білім беру ұйымдарының 34 мыңнан астам қызметкері екпе салдырды

2021 жылдың 28 тамыз 2021 15:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы білім беру ұйымдарының 34 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, медициналық анықтамасы барларды қоспағанда, мұғалімдердің 100% екпе төлқұжатын алған.

Ләззат Жылқыбаева білім беру қызметкерлеріне вакцинация балалардың денсаулығын қорғауға, инфекция тізбегін үзуге және коронавирустың таралуын оқшаулауға көмектеседі деген ойда.

«Пандемия білім беру жүйесін онлайн режиміне көшуге мәжбүрледі, бірақ дәстүрлі формата оқумен ешнәрсе теңесе алмайды. Сондықтан қыркүйек айында офлайн режимде жұмыс істеу үшін мектептерде барлық мұғалім мен басқа қызметкерлерге вакцинация жүргізілді»,- дейді басқарма басшысы.


Жоғары қарай