Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 2,7 мың адам вакцина алды

2021 жылдың 14 маусым 2021 11:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 715 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 13 маусым күні 2 715 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 маусым аралығында қалада барлығы 340 701 адамға екпе салынды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 34 682 .

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 40 699 дозасы және екінші компоненттің 98 022 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қытайлық «Sinovac Biotech» компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасының 46 000 дозасы (1 және 2 компонент) жеткізілді.


Жоғары қарай