Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 6 мыңға жуық адам екпе алды

2021 жылдың 23 маусым 2021 11:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5 846 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 22 маусым күні 5 846 алматылық вакцина салдырды.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 маусым аралығында қалада барлығы 386 222 адамға екпе салынды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 49 314.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қала бойынша вакцинаның бірінші компонентінің 72 328 дозасы және екінші компоненттің 99 473 дозасы бар.


Жоғары қарай