Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 10:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6113 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қыркүйек күні 6 113 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 257, II компонентін 3 856 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 қыркүйек аралығында қалада 935 935 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 831 095 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 106 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай