Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда бірқатар өндірістік цех модернизациядан өтті

2020 жылдың 7 шілде 2020 05:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС цехтары модернизациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуді қолға алды. Түрлі соус, майонез, кетчуп шығаратын цех пен өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуат ы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады.

Сонымен қатар, «Солнечный» сүт зауытын жаңарту процесі және өнім ассортиментін көбету үшін қосымша құралдар сатып алды.

«Үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілері мен майлық шығаратын «Папирон» ЖШС, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін «Дор-хан-Алматы» ЖШС және «Солнечный» сүт зауыты өнім түрлерін көбейтіп, өндірісті кеңейту үшін қосымша жабдықтар сатып алды» деп хабарлады әкімдіктен.

Өндірістік цех салу және кеңейту жұмыстары «Алматы-2050» стратегиясының «Шетсіз қала» бағыты аясында қалада полиорталықты дамыту мақсатында орындалды.

Әр ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады, сол үшін жаңа нысандар салынбақ.

Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етпек.

Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Жоғары қарай