Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бірқатар үйге жылу беру уақытша тоқтатылды

2021 жылдың 23 ақпан 2021 13:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданы тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 23 ақпанда Желтоқсан - Тимирязев - әл-Фараби, Достық көшелері мен «Самал-1», «Самал-2» және «Самал-3» шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа нысандарға жылу беру уақытша тоқтатылады.

«Жылу және ыстық су бүгін түнгі сағат 23:00 -ге дейін болмайды. Жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылу беру уақытша тоқтатылды»,- деліген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай