Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда биыл күзде 1 500 жас әскер қатарына шақырылады

2021 жылдың 6 қазан 2021 14:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйекте басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол туралы онлайн брифингте Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев айтты.

«18 жастан 27 жасқа дейінгі кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. ҚР Президентінің бұйрығы негізінде Алматы қаласы әкімінің қаулысымен қалада шақыру комиссиясы құрылды. Комиссия төрағасы болып Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов тағайындалды. Сонымен қатар, шақыру комиссиясының құрамына құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енді. Биыл Алматыдан 1500 жас жігіт әскерге алынады», - деді А. Өсербаев.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдерін жасақтау аяқталуға жақын, кейіннен Ұлттық ұлан Қарулы күштері мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері жасақтады.


Жоғары қарай