Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда болашақ кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін ортақ алаң жасалуда

2021 жылдың 13 қазан 2021 13:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев MOST IT hub Almaty бизнес-инкубаторы мен акселераторының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда жалпы ауданы 3 мың шаршы метр болатын Ходжанов көшесі, 2/2 ғимаратында кәсіпкерлерге арналған үй-жай дайындалуда. Осыған орай, 430 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған», - деп жазды Б. Сағынтаев Instagram-дағы өз парақшасында.

MOST IT Hub Almaty кәсібін жаңа бастайтын кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін біріктіріп, бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ деп күтілуде.

«Стартаперлер үшін идеядан венчурлік инвестицияларға дейінгі жобаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе жасалып жатыр», - деді қала басшысы.




Жоғары қарай