Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматыда бойжеткенді жезөкшелікке мәжбүрлеген 2 адам ұсталды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 17:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 26 жастағы бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментіне 1994 жылы туған алматылық бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

«Күдіктілердің бірі бойжеткенің танысы болып шықты. Ол 1996 жылы туған А. есімді азамат. Ол 2020 жылы 8 қаңтар күні таңғы сағат 07-лер шамасында «Қағанат» асханасынан бойжеткенді алдап, жалдамалы пәтерге апарған. Ол жерден жәбірленушіні күдіктінің сыбайласы 1972 жылы туған Б. атты азамат қызды Усачева көшесіндегі жеке үйге мәжбүрлеп алып кеткен. Олар сол үйде бойжеткенді ұрып-соғып, мәжбүрлеп ұстаған», - деді Алматы қалавлық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке тағы екі бойжеткен ілікті. Бүгінгі күні оларды ұстау шаралары жүргізілуде.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай