Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды

2021 жылдың 4 қараша 2021 16:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметінше, сот Ш. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойды.

«Жаңа жыл қарсаңында ол бұрын өзімен бірге жұмыс істеген әріптес әйелді корпоративтік жаңа жылдық кешті ұйымдастыру туралы ақылдасамыз деген сылтаумен шақырған. Осы мақсатта қылмыскер алдын ала пәтерді жалдап, жәбірленуші апарған. Онда оны ұрып-соғып, бірнеше сағат зорлаған, сондай-ақ, жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қазір күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен Ш. есімді азаматтың кінәсі толық дәлелденді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Медеу ауданы аудандық сотының үкімімен Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.


Жоғары қарай