Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда дәмхана өртенді

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 13:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өрт сөндірушілер өртенген дәмханадағы жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде таралған.

«14 қыркүйекте түнгі 01-15 шамасында Түрксіб ауданының өрт сөндірушілері Сүйінбай 567 мекенжайында өртенген дәмхананы сөндіруге аттанды. Олар келгенде «Кахури» дәмханасы мен оның қасындағы жазда отыратын орын өртеніп жатқан. Тілсіз жау ғимараттың шатырын шарпып үлгерген. Дәмхананың ішкі қабырғалары ағаштан жасалғандықтан өрт жылдам тарап кеткен. Жақын арадағы үйлерді өрттен сақтау мақсатында екі топ жұмыс істеді. Ғимарат ішінен 50 л үлкен газ баллоны шығарылды. Соның арқасында жарылыстың алдын алдық», - деді Алматы ТЖД.

Қызыл жалын 24 минут ішінде 465 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

ТЖД электр энергиясын тасымалдайтын сымдарды жиі жаңартып тұруға кеңес берді.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай