Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда дәрігерлер ағаштан құлаған 10 жасар қызды аман алып қалды

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері ағаштан басымен құлап мертіккен 10 жасар қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына» 10 жастағы қыз бала өте ауыр, ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Ол 2,5 метр биіктен, ағаштан басымен жерге құлап түскен.

Хирургтер мен нейрохирургтар бригадасы тексергеннен кейін қызды шұғыл реанимация бөліміне жатқызды.

Мидың және бас сүйегінің компьютер томографиясы сол жақ париетальды сүйектің депрессиялық-фрагменттік сынуы мен сол жақ париетальды сүйектің эпидуральды гематуралық сынығын көрсетті.

Орталықтың дәрігерлері шұғыл операция жасады. Дәрігерлер бас сүйекке трепанация жасап, ұйыған қанды гемотаманы алып тастап, мидың қатты қабығына пластик орнатты. Қыз бала бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде болды.

«Бүгінгі таңда қыз баланың жағдайы ауыр, тұрақты және жансақтау бөлімінен аурухананың нейрохирургиялық бөліміне ауыстырылды. Науқас есін жиды, уақытылы тамақтанып жатыр. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Ата-аналарға балаларын аулада ойнап жүргенде жиі қадағалап отыруды және оларға ашық тоқ көздерін ұстамау, ағашқа шықпау, әткеншектерде ақырын тербелу, велосипед, скейт тепкенде арнайы форма кию туралы ескертіп отыру керек», - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.


Жоғары қарай