Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда дәрігерлер тапшы

2021 жылдың 24 қараша 2021 16:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда медицина саласында кадр жетіспеушілігі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарында 216 дәрігер мен 214 орта медицина қызметкері тапшы.

«Медициналық ұйымдарда анестезиолог-реаниматологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, учаскелік терапевтер, ересектер мен балалар невропатологтары, акушер- гинекологтар жетпейді»,- дейді Лаура Мырзағали.

Сонымен қатар, ол бұл мәселені шешу үшін 2021-2025 жылдарға арналған кадр тапшылығын жою жөніндегі жол картасы әзірленгенін атап өтті.

«Жол картасына сәйкес, 120-дан аса тапшы мамандық бойынша резиденттерді даярлауға жергілікті бюджеттен 1 оқу жылына 386 млн теңге сомасында қаржы бөлінді. Сондай-ақ, орта медициналық қызметкерлерді оқытуға 391 грант берілді және өте тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлерге 10 қызметтік пәтер бөлу жоспарлануда»,- дейді ол.


Жоғары қарай