Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

2020 жылдың 7 сәуір 2020 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мегополистегі залалсыздандыру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин режимін енгізгеннен бастап қалада келесі бағыттарда дезинфекция бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: ортақ пайдаланылатын орындары Алматы әскери гарнизоны 2 аудан бойынша күн сайын бекітілген кестеге сәйкес өңдейді. Сейсенбі және сенбі күндері ауру ошақтары, ауруханалар, емханалар, санаторилер, азық-түлік базарлары дезинфекцияланады. Бүгінгі күні 635 адам, 48 бүріккіш, 14 бірлік техника жұмылдырылды. Карантин басталғаннан 3 128 мың литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды. Жалпы қалада дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр»,– деді Ержан Сейтенов онлайн-брифинг барысында.

Өз кезегінде «Алматы тазалық» және аудан әкімдіктерінің басқа да мердігерлік ұйымдары - күн сайын аялдамаларға, қоқыс жәшіктеріне, орындықтарға, жер үсті және жер асты өткелдеріне, сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың кіреберісінде дезинфекция жүргізеді.

Бүгінгі күні жолдарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, ортақ пайдаланылатын орындарды жуу және дезинфекциялау бойынша жоспарлы жұмыстарға 102 суару-жуу машинасы мен 734 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

«Төтенше жағдай басталғаннан бастап 1 млн 700 мың литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды. Бұдан басқа, қоқыс жәшіктерін күнделікті өңдеу жұмыстарына 85 адам жұмылдырылды.Тәулігіне шығарылатын қоқыстың орташа көлемі 1200-1500 тоннаны құрайды»,-дейді ол.

Сонымен қатар, тұрғын үй саясаты басқармасының мердігерлік ұйымдары аптасына 2 рет көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын дезинфекциялауды жүзеге асырады.

Қалада 8503 үйде 23454 кіреберіс және 4082 аула аумақтары бар.

Күн сайын көппәтерлі тұрғын үйлерді өңдеуге 70 бригада шығады. Олардың құрамында 525 жуық дезинфекциялаушы бар. Күніне 60 мың литр дайын ерітінді пайдаланылады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Коронавирус,
Жоғары қарай