Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда дезинфекциялау жұмысына көңіл толмаса қайда хабарласу керек

2020 жылдың 6 сәуір 2020 09:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісі мен аула аумағы залалсыздандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штат құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, жедел респираторлық вирус инфекциясының микробына қарсы белсенділікке ие, ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
Басқармада хабарлағандай, әр аудан бойынша жауапты тұлғалар бекітілген, залалсыздандыру жұмыстарына көңіл толмаса немесе кесте бойынша жүргізілмесе, төменде көрсетілген нөмірлерге тікелей хабарласуға болады.
Алатау ауданы:
«Garant Story-К» ЖШС — басшысы А.Семеев тел. +7 777 400 7878, аудан әкімдігінің қызметкері Г. Әлі тел. +7 777 823 3071, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Д. Маусымбаев тел. + 7 776 211 1103.
Алмалы ауданы:
«Газатор» ЖШС — басшысы В.Тарнайкин тел. +7 707 555 1262, аудан әкімдігінің қызметкері Р. Айтанов тел. +7 771 400 6666, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Е.Нұрғалиев тел. +7 701 222 7176.
Әуезов ауданы:
«Professional group» ЖШС — басшысы В.Литвинов тел. +7 747 494 9712, аудан әкімдігінің қызметкері Е.Нүкебаев тел. +7 705 555 9092, тұрғын үй инспекциясының қызметкері А.Нүсіпбек тел. + 7 747 705 4518.
Бостандық ауданы:
«ГАРАНТ+» ЖК — басшысы А.Жақыпбекова тел. +7 771 760 0005, аудан әкімдігінің қызметкері Е.Сейдалиев тел. +7 700 228 7788, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Б.Алмырза тел. +7 708 581 0979.
Жетісу ауданы:
«IC Development» ЖШС — басшысы Р.Мұсаева тел. +7 777 008 7559, аудан әкімдігінің қызметкері Н.Қалдаров тел. +7 700 707 0078, тұрғын үй инспекциясының қызметкері М. Нұрақынов тел.+7 747 792 5057.
Медеу ауданы:
«Expert Management» ЖШС — басшысы Г.Сейтімова тел. +7 (727) 367 0972, аудан әкімдігінің қызметкері Б.Болатбекұлы тел. +7 701 465 5514, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Ж.Қайырханов. тел. +7 777 647 4848.
Наурызбай ауданы:
«IC Development» ЖШС — басшысы Р.Мұсаева тел. +7 777 008 7559, аудан әкімдігінің қызметкері Ж.Тәкібаев тел. +7 747 706 5480, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Ш.Нұрғали тел. +7 708 636 9150.
Түрксіб ауданы:
«Santrade» ЖШС — басшысы С.Қаталов тел. +7 701 225 6747, аудан әкімдігінің қызметкері Б.Қабдиев тел. +7 778 458 2949, тұрғын үй инспекциясының қызметкері Е.Мамыров тел. +7 747 188 5189.
Сапасыз дезинфекцияланған кіреберіс пен ауланың бейне-фото материалы болған жағдайда +7 701 038 2525 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жіберуі керек.


Басты сөздер: Коронавирус, Әкімдік, Алматы,
Жоғары қарай