Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда дезинфекциялық жұмыстар қайта басталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 13:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен ойын алаңдарында дезинфекция жұмыстары қайта басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына 1 рет профилактикалық зарарсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Сонымен қатар,коронавирус инфекциямен ауыру жағдайы тіркелген жағдайда тұрғын үйлердің кіреберістеріне қорытынды түрінде бір рет зарарсыздандыру жүргізіледі. Тұрғын үйлердің кіреберістеріне профилактикалық мақсатта жиілікпен аптасына 1 рет зарарсыздандыру жүргізіледі.

Айта кетейік, 15 қазан күні Алматыда карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шыққан болатын. Онда қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталатыны жазылған.



Жоғары қарай