Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда дөнер орталығынан өрт шықты

2020 жылдың 1 тамыз 2020 18:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сауда үйінің маңындағы дөнер орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 15:43-те Сейфуллин даңғылы, 9 А мекенжайында орналасқан Жібек жолы сауда үйінің маңындағы жалпы ауданы 36 шаршы метр болатын донер орталығы өртенді. 16:06-да өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Тілсіз жаудан ешкім жапа шекпеді», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жауды сөндіруге 14 маман мен 5 техника жұмылдырылды.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай