Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 18:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Алматыдағы дүкенді тонаған 3 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.

«Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан

әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР

Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Атырау

стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы

Мейірбек Өтеғали.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс

қаруы тәркіленгенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай