Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда екі көше уақытша жабылады

2021 жылдың 11 маусым 2021 10:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелері бір күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 маусым таңғы сағат 9: 00-ден кешкі 20: 00-ге дейін Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-дан.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.


Жоғары қарай