Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда екі саябақ пен 20 сквер абаттандырылады

2020 жылдың 8 қазан 2020 16:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская қоғамдық орындарды абаттандыру жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл басқарма «Қарасу» және Жас қанат, Маяк шағынаудандарында рекреациялық аймақ құрылысын аяқтап жатыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Достық» саябағы мен «Жетісу-3» шағынауданындағы сквер абаттандырылады.

«Жаңа Алматы» жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижесінде 2 саябақ пен 20 сквер, 7 жаяу жүргіншілер көшесі мен 16 жасыл аймақ көркейеді. Жалпы алғанда 284 гектар жер абаттандырылады» , - деді Наталья Ливинская.

Өткен жылмен салыстырғанда 7 саябақ пен сквер, 5 жасыл аймақ абаттандырылады.


Жоғары қарай