Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда екі жылда 4 судья сотталды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 12:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 4 судья сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған төрт фактіні анықтады. Өздеріңіз білесіздер, судьялардың ерекше иммунитеті бар. Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.

Сонымен қатар, ол 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлі судьялар нақты мерзімге сотталғанын атап өтті.


Жоғары қарай