Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алматыда Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 18:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ақылбеков Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың бұйрығына сәйкес, Департамент басшысы лауазымына Али Сапарғалиұлы Алтынбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті төрағасының бұйрығымен департамент басшысының орынбасары лауазымына Бақтияр Абайұлы Жүзенов тағайындалды.

Басқосуда Дәулет Ақылбеков Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жұмысы туралы айтып өтіп, комитет басшылығының алға қойған міндеттерін айқындады.

Али Сапарғалиұлы Алтынбаев еңбек қызметін 2001 жылдан бастап салық органдарында инспектор, бөлім және басқарма басшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі тағайындауға дейін ҚР МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.


Жоғары қарай