Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда Елорда күніне орай 6 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

2020 жылдың 5 шілде 2020 15:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Астана күні қарсаңында «Алатау сити», «Акварель», «Central Avenue» , «Медеу парк», «Теренкур Терраса», «Гүлдер» 6 тұрғын үй кешеніндегі кезекті үйлер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 мыңнан астам пәтер Алатау, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарынан берілді.

Жаңа тұрғын үй кешендері Алматыны «шетсіз қалаға» айналдыруға мүмкіндік береді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өзгерту үшін, қала шетінде тұратын азаматтардың да қала орталығындағы тұрғындар сияқты қызмет түрлеріне қолдары жетімді болуы үшін олардың өмір сүру сапасын арттыруда жағдай жасау керектігін бір емес бірнеше рет атап өткен болатын.

Оның тапсырмасымен қалада баспанаға қол жетімділікті арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 10 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам мұқтаж адам баспанамен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 284 көп балалы отбасы (қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша), 258 көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша) және 1050 азамат 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етілді.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар, осы бағдарламаны бастаған Елбасыға алғысымды білдіремін. Бұл бағдарлама мен сияқты жастар үшін керемет мүмкіндік. Бағдарлама бойынша ұсынылған баспана өте жайлы, барлық жағдай жоғары деңгейде жасалған», - деді «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша пәтер алған жас тұрғын Ақмарал Мақтабаева.

Жақында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасының екінші кезеңі басталғанын айта кету керек. Тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлемеде - 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5% жеңілдікпен беріледі. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен аталған бағдарламаға қатысу шарттары жеңілдетілді. Сонымен бірге, қалада тіркеуге тұру талабы алынып тасталды. Енді осы себеппен қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. Алматыда екі жылдық тіркеуі жоқ жастар да өтініштерін бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 8,4 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта 26 мыңнан астам қала тұрғыны баспана сатып алу кезегінде тұр.


Жоғары қарай