Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда эпидемиологиялық режимнің сақталуын 35 мобильді топ бақылайды

2020 жылдың 10 шілде 2020 17:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Жандарбек Бекшин, Полиция департаментінің басшылығы, сонымен бірге аудан әкімдері қатысты.

Комиссия төрағасы қала тұрғындарының үй карантинін сақтау және халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстарын күшейту, кәсіпкерлік субъектілерінің шектеу шараларын сақтауда бақылауды күшейту мәселелеріне назар аударды.

Күн сайын қалада күшейтілген эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шамамен 35 мобильді топ жұмыс істейді.

5 шілдеден бастап 1 282 нысанға мониторинг жүргізілді, карантин режимі мен cанитарлық-эпидемиолгиялық талаптарды бұзудың 121 жағдайы анықталды. 63 нысан қызметін өз еркімен тоқтатқан.

Сонымен бірге, мониторинг топтары қызмет істеуге рұқсат берген және бақылауға алған нысандар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сонымен бірге, қала тұрғындарының шағымы бойынша мониторинг жасалады.

Өздерінің үйлерінің аймақтарынан шығатын белсенді қала тұрғындарының саны азайған. Алайда талдау қаланың бірқатар шағын аудандарында халықтың көп шоғырлануы жоғары деңгейде сақталып отырғанын көрсеткен.

Осыған байланысты, Ержан Бабақұмаров аудан әкімдеріне жергілікті полициямен, эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп қала тұрғындарының енгізілген шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мегополисте адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Карантин, Алматы,
Жоғары қарай