Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 22:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда медициналық көмек көрсетуге келген фельдшерді ұрған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел жәрдем қызметіне терезені сындырып қолын кесіп алған мас адамға көмек керек деген хабарлама келген.

Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағынауданының 35жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып оны бетінен ұрған.

Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.

Қазір Түрксіб ауданы сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр.

Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан.

Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Сот, Алматы,
Жоғары қарай