Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда «Ғылым ордасы» кәсіпорнының бас директоры 4 жылға сотталды

2020 жылдың 30 шілде 2020 17:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Б.Төлтаев ғимарат ішінде түсірілім алаңын жалға бергенде пара алған.

Медеу аудандық соты 2020 жылдың 20 шілдесінде Төлтаевты 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Онымен бірге мекеменің бухгалтерлік есеп және қаржы-экономика қызметі бөлімінің бас экономисі А.Асылбаев 2 жылға сотталды. Бөлімнің бас есепшісі А.Абдуллина 1,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл тұлғалардың барлығына мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салынды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Мұның алдында агенттік аталған мекеме бас директор мен қызметшілерінің ғимаратты ешбір келісімшартсыз жалға берумен айналысып жүргенін жариялаған болатын.


Жоғары қарай