Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген 2 күдікті ұсталды

2021 жылдың 15 қараша 2021 21:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейлер халықаралық іздеуде жүрген екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдіктілер тамыздан бастап ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында (Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық), 24-бабының 3-бөлігінде және 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармақтарында (Бұзақылық ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған кісі өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

13 қараша күні Қызылорда облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп күдіктілерді Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жалға алынған пәтерде ұстады. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай