Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда имамдардың аймақтық форумы өтті

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 16:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық имамдар форумы өтті. Онда жақында ғана елорда төрінде қабылданған Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдында, өскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.




«Жастар деструктивті идеялардың жетегінде кетпес үшін діни қызметкерлер қатердің алдын алып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.




Форумға негіз болған «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасы көпшіліктен жан-жақты қолдау тауып жатыр. Игі басқосу төрінен орын алған ғалымдар мен діни қайраткерлер қоғамдағы рухани құндылықтардың мән-маңызына айрықша тоқталды.

«Патриотизм Отанға, ана тіліне, дәстүр мен мәдениетке деген құрметтен бастау алады. Патриотизмнің шыңы – өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік»,- деді форум барысында Серікбай кажы Ораз.







Жоғары қарай