Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 16:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда КВИ госпиталінің құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 қаңтарда департамент Алматыда коронавируспмен күресті күшейту мақсатында салынған модульді аурухана құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға байланысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша тексеруді бастады. Қазір істің әділ тергелуін қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК 24-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр» деді Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс мәліметтері құпия болып отыр.

Біз мұның алдында қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай