Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ірі ТҚО сүрілді

2021 жылдың 13 наурыз 2021 00:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб ауданында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығы сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, бұл нысан заңсыз салынған.

«Стасов көшесінде орналасқан жер учаскесінің иесі ешбір рұқсатсыз ірі құрылыс нысанын көтерген. Оның жерді мақсатты пайдалануына құқығы болмаған. Бұл дерек бойынша меншік иесіне қатысты ҚР ӘқбК 319-323 баптарына сәйкес әкімшілік іс қозғалып сотқа берілді»- деді басқармадан.

Сот арызданушының талабын орынды деп тауып заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім қабылдады.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен ғимарат сүрінді.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай