Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынады

2022 жылдың 25 мамыр 2022 18:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда құтыруға қарсы 36 мың ит пен 8 мың мысыққа вакцина салынады. Бұл туралы қалалық ветеринарлық қызмет басшысы Әдіс Сейдақматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құтыру вирусы - табиғи-ошақты өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру хайуанаттың сілекейі арқылы жұғады. Сонан соң жүйке жолдары арқылы тарала отырып, сілекей бездеріне, ми қыртысының жасушаларына, гиппокампқа, бульбар орталығына жетеді де, оларды зақымдай отырып, өлімге әкеліп соғатын ауыр ақауларды тудырады. Осыған байланысты, аурудың алдын алу жұмысы қала билігінің ерекше бақылауында. Кейінгі 36 жыл ішінде Алматы қаласының аумағында адамдардың құтыру ауруын жұқтырған жайттары анықталмады, бұл - алдын алу іс-шараларының тиімділігін білдіреді. Биыл 36 мың ит пен 8 мың мысыққа вакцина егу жоспарда», - дейді Әдіс Сейдақматов.

Сонымен қатар, ол ит қауып алған жағдайда, құтыруға қарсы көмек алу үшін жедел түрде жақын арадағы жарақат пунктіне жүгіну қажеттігін айтты.

«Эхинококкоздың алдын алу шеңберінде 44 мың үй жануарын гельминтсіздендіруді жоспарлап отырмыз. Эхинококкоз – бауырда, өкпеде немесе басқа да органдар мен теріде паразиттік кисталардың пайда болуымен сипатталатын цестодоз тобының гельминтозы. Қоздырушысы - Echinococcus granulosus эхинокогының өсетін, дамитын және адам организмінде ондаған жылдар бойы өмір сүретін дернәсіл. Ол іші сұйықтыққа толған дөңгелек немесе сопақ киста түрінде болады», - деді спикер.

Бұған дейін Алматыда жыл басынан бері 1400-ден астам адамды ит қауып алғаны хабарланды.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Вакцина, Жануарлар,
Жоғары қарай