Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қалаға жаңадан қосылған аудандарда жол жөнделеді

2021 жылдың 9 наурыз 2021 14:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев инженерлік желілерді салу барысымен және жол жөндеу жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Instagram парақшасында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүріп жатқан Медеу ауданындағы елді мекендерге жасаған жұмыс сапары туралы айтты.

«Көлсай ықшамауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан соң, су бұру желісі жүргізіледі. Топырақ үйінділерінің беті инертті материалмен жабылады. Дәрігерлік амбулаторияға арналған учаскені немесе үй-жайды анықтау мәселесі шешіледі» деп жазды Б. Сағынтаев.

Кеңсай саяжайы аумағында ретсіз салынған құрылыс салдарынан инженерлік желілерге арналған дәліздер мүлдем жоқтың қасы.

Сондықтан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің түрлі нұсқалары қарастырылады.

Думан ықшамауданында былтыр істен шыққан 19 шақырым сумен жабдықтау және 25,5 шақырым су бұру желілерін жөндеу жұмыстары қайта жалғасты.

Қазір тұрғындардың көрсетуімен атқарылған жұмыстар сынақтан өткізіліп, ақаулар жойылып жатыр.

Содан соң 53 көше бойындағы 27,4 шақырым жолды жөндеу басталады.

Алматы әкімі Думан ықшамауданындағы 200 адамға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жобасымен танысты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жөнделген Шухов алаңына барған кезде Бақытжан Сағынтаев көліктердің жасыл аймақ арқылы өтуіне тыйым салуды және оған іргелес аумақтарды абаттандыруды тапсырды.

Бұдан өзге, қала әкімі жөндеу-әрлеу жұмыстары жүріп жатқан Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап шықты.


Жоғары қарай