Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қар тазалауға 1000-нан астам жұмысшы шықты

2020 жылдың 17 қараша 2020 08:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар тазалауға 549 арнайы техника мен 1298 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 16 қараша күні кешкі сағат 17:00-де жауа бастаған қар 17 қараша таңғы сағат 04:20 шамасында тоқтады. Осы аралықта қалаға 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға арнайы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.




Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 155 құм себу көлігі, 490 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қараша күні 549 техника мен 1298 жұмысшы жол тазалауға шықты.




Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.




Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.











Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкімдік, Алматы, Экология,
Жоғары қарай