Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин талабын бұзған 128 жеке тұлғаға хаттама толтырылды

2020 жылдың 28 қазан 2020 01:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингілік топтардың жұмысын одан ары күшейту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында мобильді мониторингілік топтар жұмысының жаңа алгоритмі қаралды.

Басты мақсат – коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Санитарлық ережелерді және шектеу шараларын жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ҚР ӘқбК 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін жауапкершілік қарастырылған.

Атап өтетін жайт, өндірістің барлық сатыларында іс бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 744, 746 және 747-баптары) қатаң сақтау қамтамасыз етілетін болады.

Алматыда эпидемияға қарсы шаралардың орындалуы бойынша ұйымдар мен нысандарға тексеру күнделікті жүргізіледі. Осы мақсатта аудандық әкімдіктер жанында 26 мониторингілік топ бар.

Осы жылдың 8 қазанынан бергі кезеңде мониторингілік топтар 1972 нысанды қамтыды. Олардың ішінде 493 объектіде карантиндік, соның ішінде маска режиімінің бұзылуы анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 128 хаттама толтырылды.


Жоғары қарай