Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантинге қарамастан, екі массаж салоны жұмыс істеген

2020 жылдың 11 тамыз 2020 19:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин режиміне қарамастан, екі массаж орталығы жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Криминалдық полиция карантин кезінде жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, қызмет көрсетіп келген массаж салондарын анықтады.

«Медеу ауданы аймағында массаж салоны анықталды. Онда 19 жастан асқан қыздар клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен. Олар карантиндік тыйымға қарамастан, түнгі уақытта жұмыс істеген. 16 әйел адам мен салон әкімшілері шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Материалдар ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес жиналды. Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысуға орын берген массаж салонының иелеріне қатысты бөлек сот ісі жүргізілді», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бұдан бөлек, полиция бір тәулік ішінде карантин режимін бұзудың 153 фактісін анықтаған. Жалпы, мониторингілік топтар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2271 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 2 203-і – жеке тұлға, 68 – заңды тұлға.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай